Мыңдаған палестиналық ашқұрсақ халде

Газа секторы Рафах қаласындағы босқындар лагерінде мыңдаған палестиналық ашқұрсақ халде.

Себебі 10-нан астам ел гуманитарлық көмек жеткізуді уақытша тоқтатқан. Оның ішінде АҚШ пен Германия сынды негізгі донор мемлекеттер бар. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалына уақытша тосқауыл болған БҰҰ қызметкерлеріне қатысты жанжал. Ұйымның Таяу Шығыс агенттігінің қызметкерлері ХАМАС-тың Израильге шабуылына қатысы бар деп айыпталды. Салдарынан қаржылық қолдаудан айырылды.

Айта кетерлігі, аталмыш агенттік 1949 жылы құрылған. Оның негізгі міндеті – Газа секторында, Иордан өзенінің батыс жағалауында, Ливан, Сирия және Иорданияда палестиналықтарға гуманитарлық және медициналық көмек көрсету.