Финляндияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
Алдын ала дауыс беру 6 ақпанға дейін жүреді.
Одан кейін негізгі сайлау 11 ақпанда өтуге тиіс. Азаматтар басты 2 үміткер - билік басындағы "Ұлттық коалиция" партиясынан, Александр Стуббты немесе "Жасыл одақ" өкілі Пекка Хавистоның біреуін таңдауы керек. Сарапшылар Стуббтың шоқтығы биік дейді. Бірінші кезеңде ол басым дауысқа ие болған еді, бірақ 2 үміткер де, додада жеңіп шығу үшін қажет 50 пайыз дауысты жинай алмай қалды.