Германияда әрбір жетінші бала семіздікке шалдыққан
Германияда шоколад, чипс және басқа да тәттілерді теледидардан таңғы 6-дан түнгі 11-ге дейін жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін.
Елдің Ауыл шаруашылығы министрі осындай ұсыныс жасады. Оның ойынша, көп мөлшерде қант, май және тұзы бар тағам өнімдерінің пайдасынан зияны басым. Сондай-ақ шенеунік мектептер мен балалар алаңынан 100 метр аумақта аталған тәттілерді жарнамалауға және осындай өнімдерден пайда табатын фирмаларға балақайларға қатысы бар іс-шараларға демеушілік жасауға рұқсат бермеу керек дейді. Атқамінердің ашынатындай жөні бар. Германияда әр жетінші бала артық салмақтың зардабын тартып жүр. Бұл 3 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың 15 пайызы деген сөз.
Манон Штрук-Пачина, Азық-түлік және тамақтану одағының өкілі:
"Балалардың тамағын қадағалауымыз қажет. Германияда тағамтану қоғам деген айрықша институт бар. Солар мектептер мен балабақшалардағы тамақ рационын сертификаттап, түрлі ұсынымдар береді. Білім ордаларына азық-түлік жеткізгенде қант, тұз бен майдың мөлшері есептеледі. Сондай-ақ тағам экологиялық жағынан тазу болуы шарт. Бірақ өкінішке орай, біздегі барлық мектеп мұндай сертификаттаудан өткен жоқ."