Әлемдегі әр бесінші адам қатерлі ісікке шалдығады
Алдағы 20 жылда Еуропада обыр ауруына шалдығу деректері 22,5%-ке өседі.
Ал бүкіл әлем бойынша дертке шалдыққан науқастардың саны 2045 жылға дейін 55%-ке артуы мүмкін. Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктігі осындай болжам жасап отыр. Ұйым өкілдерінің айтуынша, онкологиялық аурудың асқынуына спирттік ішімдіктерді ішу, шылым шегу және ауаның ластануы себеп. Дерекке сүйенсек, бүгінде шамамен әр бесінші адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады екен.