Э. Блинкен Таяу Шығысқа тағы бармақшы

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығысқа тағы сапарламақшы.

Бұл – саясаткердің Газа секторында қақтығыс басталғалы бесінші сапары. Ол Сауд Арабиясы, Мысыр, Катар және Израильге барып, аймақ көшбасшыларымен кездескелі отыр. Басқосуларда Газа секторындағы ахуал мен Таяу Шығыстағы жағдай талқыланбақ. Келіссөздер кезінде басты қарастырылғалы отырған мәселелер Израиль азаматтарын босату, Газаға гуманитарлық көмек жеткізу және әскери қимылдарды тоқтату болғалы тұр.