Инвестор не туралы армандайды?
Батыс Еуропа елдерінде табыс салығы 55 пайызға дейін жетеді.
Бұған тұрғындардың көңілі толмайтыны белгілі. Дегенмен, халық әлеуметтік тұрғыда толық қамтылған. Және жүйе үздіктер қатарында. Ал сарапшылар салықтың төмен болуы шетелден инвестиция тартуға қолайлы екенін айтады.
Еуропада ең көп табыс салығын төлейтін елдер қатарына Дания, Франция, Австрия, Португалия, Швеция, Бельгия бар. Бельгияда көрсеткіш 25 пайыздан бастап 50-ге дейін жетеді. Ол азаматтың табысына қарай бөлінеді. Бұдан бөлек қызметкер әлеуметтік сақтандыру қорына жалақысының 13 процентін аударуға міндетті. Сонымен қоса Корольдікте жылжымайтын мүлік мұрагерлері үшін жоғары салық қарастырылған. Кейде ол тіпті үй құнының 70 пайызына дейін жетуі мүмкін.
Австрия
Табыс салығы жоғары елдердің қатарында Австрия бар. Мұнда оның көлемі қызметкердің жалақысына қарай 55 пайызға дейін жетуі мүмкін. Есесіне мемлекетте азаматтарға қолдау көрсету деңгейі жоғары. Елдің әлеуметтік жүйесі әлемдегі ең үздіктердің бірі саналады. Австрияда католик шіркеуінің қызметкерлеріне шіркеу салығы бар. Ит иесіне де салық салынады. Одан түскен ақша төртаяқтыларға қатысты қызмет пен инфрақұрылым шығындарын өтеуге жұмсалады. Австрия Еуропада тау-шаңғы спорты бойынша ең танымал елдің бірі. Орта есеппен жыл сайын өңірге 150 мың турист келеді. Аяқ-қолын сындырғандар жергілікті ауруханаларға түседі. Бұл емханалар үшін қосымша шығын. Сондықтан билік демалушылар арасында "гипс салығын" міндетті төлем етіп енгізген.
Инвестордың арманы төмен салық
Еуропада ең төмен салық Румыния, Болгария, Босния және Герцеговинада. Мұнда табыс салығы 10 пайыз шамасында. Өйткені Батыс Еуропамен салыстырғанда бұл елдерде өмір сүру құны арзан. Сонымен қоса сарапшылар төлемдердің төмен болуы шетелік инвесторлар үшін қолайлы екенін айтады.
Авторы: Жұлдыз Атагельдиева