Гонконгта Қытай жаңа жылына арналған шеру өтті
Гонконгта Қытай Жаңа жылының құрметіне мерекелік шеру өтті.
Оған жергілікті өнерпаздардан басқа, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея және Германия сияқты елдерден бишілер қатысқан. Олар Қытай мәдениетіне тән айдаһарлар мен арыстандар биін билеп, хормен ән айтты. Бұл ойын-сауық коронавирустан кейін алғаш рет өтіп отыр. Ел билігі туризмді жандандырып, миллиондаған қонақ қабылдауға дайын екенін жеткізді. Қытайда жаңа жылдық іс-шаралар әлі 2 аптаға созылады.