Александр Стубб Финляндия президенті болып сайланды
Финляндияда Президент сайлауының екінші кезеңінде елдің бұрынғы премьер-министрі Александр Стубб жеңіске жетті.
Ол саяси науқан қорытындысы бойынша барлық дауыстың 52 пайызын жинап, өзінің қарсыласы Пекка Хаавистоның алдын орап кетті. Ал Хаависто дауыс берушілердің 49 пайызына ие болды. Сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жету үшін 9 үміткердің ешқайсысы қажетті дауыс жинай алмай, екінші тур ұйымдастырылды. Халықтың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары болды. Сайлаушылардың 70 пайызы дауыс берген.