Түркияда кеніштегі апатқа қатысты күдіктілер қамауға алынды
Түркияда алтын кенішіндегі апатқа байланысты 4 күдікті қамауға алынды.
Арасында кен орнын басқарушы бар. Үйінді астында қалған 9 жұмысшыдан әлі ешқандай хабар жоқ. Құтқару ісіне 800-ден астам маман мен ерікті тартылған. Апат кезінде кеніште 600 адам жұмыс істеп жатқан. Бірнеше секунд ішінде шамамен 10 миллион тонна топырақ опырылып түскен. Бұған дейін Түркияның Инженерлер мен сәулетшілер одағы аталған кен орнын жабу керек деп бірнеше рет ескерткенімен оған ешкім құлақ аспаған.