Кубада электр жүйесі әбден тозған
Кубада жарық жиі сөнеді.
Бұдан кәсіпкерлер қатты зардап шегіп отыр. Олар қажетті өнімді шығарып үлгірмей әлек. Осының кесірінен қаншама тауар ысырап болуда. Мамандар бұл экономиканы толығымен тұралатады дейді. Кейбір бизнесмендер күн және жел электр станцияларына көшуге әрекет қылуда. Бірақ олардың құрал-жабдығы өте қымбат. Шеттен әкелуге АҚШ салған санкциялар кедергі. Кубада көптеген электр жүйелерінің әбзен тозығы жеткен.