Алтын қымбаттады
Қытайда алтынға сұраныс күрт өсті. Тұрғындар құнды металдың бағасына қарамастан жаппай сатып алып жатыр.
Әсіресе айдаһар пішінді алтын құйма іздейтіндер көбейген. Нарықтағы сатылым көрсеткіші жылдағыдан 50 процентке артқан.
Сарапшылар мұны елдегі Көктем мерекесімен байланыстырады. Дегенмен инвестиция ретінде алатындар да жоқ емес. Бұл Қытай экономикасының дұрыс бағытта екенін көрсетеді дейді олар.
Чжэн Юаньцзи, алтын сататын дүкендер желісінің менеджері:
- Дүкендерімізге келушілер ерекше көп. Күніне он мыңнан астам адам сауда жасайды. Клиенттеріміздің дені туған-туыстарына сыйлық іздеп келеді. Өзге қалалардан келетін туристер де бар. Бейжің, Шанхай сияқты ірі қалалармен қатар өзге де орта деңгейлі шаһарларда дәл осындай жағдай қалыптасып отыр.