Түркиямен арадағы жүк тасымалдау уақыты қысқарады
Қазақстан мен Түркия арасындағы жүк тасымалдау уақыты қысқарады.
Мәжіліс екі елдің үкіметтері арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға бағытталған халықаралық жүк тасымалы туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2022 жылы 10 мамырда Анкарада қол қойылған. Келісім «Баку-Тбилиси-Карс» темір жолын, Каспий теңізінің порттарын және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін пайдалану арқылы жүк ағынын арттыруға бағытталған. Құжатты ратификациялау тауардың транзиттік уақытын 5 күнге дейін қысқартады. Бұрын бұл бағыт 13-15 күндік болды. Теміржол және теңіз көлігімен аралас тасымалдауға арналған жүк құжаттарының орнына бірыңғай цифрлық құжат енгізіледі.