Трамп 454 миллион доллар айыппұл төлеуі тиіс
Дональд Трамп 454 миллион доллар айыппұл төлеуі тиіс.
Нью-йорк соты соты жуырда Ақ үйдің бұрынғы басшысына қатысты осындай үкім шығарды. Экс-президент «Трамп Организейшн» компаниясының активтерін бағалау кезінде алаяқтыққа жол берген. Бас прокурордың анықтауынша, Дональ Трамп банктерден тиімді шартпен несие алу үшін материалдық байлығының көлемін көбейтіп көрсеткен. Сондай-ақ Трамптың 2 ұлы 4 млн доллардан төлеуге міндеттелді. Олар «Трамп Организейшн» компаниясын 2017 жылы басқарған.