Израильдің Рафахқа шабуылы кейінге қалуы мүмкін
Израиль армиясының Рафах қаласына шабуылы тұтқын алмасу келісіміне байланысты кейінге қалуы мүмкін.
Бірақ әскери операция түптің түбінде бәрібір ұйымдастырылады. Бұл туралы ел премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеді.
Оның айтуынша, Рафах ХАМАС-тың соңғы бекінісі саналады. Бұл қалада 6 батальон жасырынып отыр. Сондықтан жеңіске жету үшін қозғалысты толығымен құрту керек.
Қазір екі тарап тұтқын алмасу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Оған Қатар, Египет пен АҚШ елдері ара ағайындық жасап отыр.