Қатар мен Египетте Газа секторы бойынша келіссөздер өтеді

Қатар мен Египетте Газа секторындағы атыс тоқтату туралы келіссөздер өтеді.

Оған Израиль мен ХАМАС өкілдерінен бөлек, Египет, Қатар мен АҚШ елдерінің делегациялары қатысады. Бұл туралы Мысыр билігінің өкілдері хабарлады. Олардың мәліметіне сәйкес келіссөздердің жаңа раунды кепілге алынған азаматтарды босату жағын да қамтиды.

Айта өтейік, Газада қарулы қақтығыс басталғалы 29 мыңнан астам палестиналық қайтыс болды. 1200 израильдік азамат көз жұмды.