«Астана Опера» биылғы Наурыз мерекесін ерекше атап өтеді
«Астана Операдағы» көктем мен жаңару мерекесі.
Театр биылғы Наурыз мейрамын ерекше тойламақ. Ұлыс күніне орай көпшілік назарына бірқатар мәдени шара ұсынады. Талғампаз өнерсүйер қауымға көңіл-күй сыйлау үшін театр әртістерінің дайындығы мығым.
Астана опера театры дайындаған Гала-концерттің бағдарламасы ұлттық туындыларға бай. Қазақтың музыкалық шығармалары, батыс еуропа классикасымен қатар ойналады. Музыкалық кешке театр әртістері, труппаның жетекші солистері қазақстандық опера және балет сахнасының жұлдыздары қатысып, көрерменге ерекше күй сыйламақ.
Еренбақ Тойкенов, "Астана Опера" театрының режиссері:
- Көптен бері болмаған осындай форматтағы бір ерекше концерт болайын деп тұр. Өйткені біздің осы жолы көрсететініміз, бұл 3 блоктан тұратын концерт. Оның біріншісі өзіміздің ұлттық өнерімізді көрсетсек, екіншісі әртүрлі елдің, үшіншісі өзіміздің классикалық жанрдан театрлық репертуарынан ең жарқын номерларды біздің солистеріміз балет артистері паш етпек.
Сондай-ақ Халықаралық опера академиясында «Наурыз – көктем» жыры шырқалады. Мәдени кеште шетелдік воколистері қазақтың халық әндерін шырқамақ.
Анастасия Ремескова, "Астана Опера" академиясының шәкірті:
- Мен бұл академияға былтыр Ресейден келдім. Биыл алғаш ретін "Наурыз" мейрамына қатысқалы отырмын. Сондықтан бұл мереке арқылы қазақ мәдениетімен танысуға мүмкіндік туды. Бір ай бойы тыңғылықты дайындалдым. Осы қазақ халқының "Гүлдер-ай" және "Бипыл" әндері дайындап жатырмын. Оған арнайы қазақы өрнектермен ерекше киімім де дайын.
Ұйымдастырушылар бұл жолғы концертте Қазақ мәдениетінің айшықты тұстарын паш етпек. Сондықтан, сахна безендірулері мен киімдер арнайы дайындалып жатыр.
Нематилло Зкруллаев, "Астана Опера" академиясының шәкірті:
- 20 наурыз күні біз наурыз мерекесінің концертпен тойлаймыз. Концерт қазақ тіліңде өтеді. Концертте халық әндері айтылады. Мен өзім қазақтың халық әні құсни қорланды айтамын. Тағы да Ғани деген әнді айтамын. Менің курстастарым шетелдік қонақтар, сол кісілер қазақ тіліңде әндер шырқайды.
«Біржан – Сара» операсы да мерекелік кештің сәнін келтіреді. Симфониялық оркестрдің орындауындағы «Қыз қуу» шығармасы залды ұлттық сарынға бөлейді. Астана опера көктем мен жаңару мерекесін осылайша сән-салтанатпен өткізбеміз деп отыр.
Айнұр Қуатқызы, Камшат Атабаева, Ерлан Наурызбаев