Б. Нетаньяху: Израиль ХАМАС жасақтарының 75% көзін жойды

Б. Нетаньяху: Израиль ХАМАС жасақтарының 75% көзін жойды

Таяу Шығыстағы саяси жағдайдың әзірге түзеле қояр түрі жоқ.

Әсіресе Газа аймағындағы палестиналық тұрғындар соғыстан көз аша алмай отыр. Апта басында күллі мұсылман қауымы үшін  қасиетті рамазан айы басталды. Ел-жұрт қарулы қақтығыс осы айда басылар деп үміттенген. Алайда Израиль мен Хамас ұйымы соғысты Оразада тоқтата тұру туралы келісімге келе алмады. Кесірінен халық ас-суға зәру. Алды аштықтан ажал құшып жатыр. Аймақтағы ахуал жайлы әріптесім айтып береді.

Расымен де ораза басталмай тұрып, бірнеше елдің араағайындығымен тараптар арасында бірнеше рет келіссөздер жүрген еді.

Бірақ Израиль тарапы уақытша бітімге келу ұсынысын қабылдады. Керісінше, Хамасқа шабуылын үдете түсті. Рет-ретімен бірер секундтан соң.

Қақтығыстың тоқтайтын түрі жоқ     

Газа секторында қарулы қақтығыстың тоқтайтын түрі жоқ. Израиль әскері Хамасқа қарсы шабуылын үдетіп жатыр. Бұл жолы ЦАХАЛ Газадағы ең ірі аурухананы атқылады. Себебі Хамас әскері Шифа емханасында жасырынып, бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде қолданып отырған көрінеді. Палестиналық қозғалыс өкілдерінің көзін жоймай, операция тоқтамайды дейді израиль әскері. 

ИЗРАИЛЬ, ТЕЛЬ-АВИВ

Дэниел Хагари, ЦАХАЛ өкілі:

- Біз Газа халқына емес, Хамас қозғалысына қарсы шабуыл жасаймыз. Бейбіт тұрғындарға зиян келтірмейміз. Емдеу мекемесіндегі қызметкерлер мен науқастарды эвакуациялаудың қажеті жоқ. Ал басқалар үшін тысқа шығар жол бар. Тек ауруханада жасырынып отырған Хамас әскерилерін іздеу операциясын жалғастыра береміз.

Әлем елдері Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыста үзіліс жариялау керегін талап етіп келеді. Алайда бұған құлақ асып жатқан ешкім жоқ. Соның салдарынан қоршауда қалған Газа секторында жағдай күннен-күнге қиындап, азық-түлік, жанармай, ауыз су мен дәрі-дәрмек тапшылығы қатты сезілуде.

Қазір газалықтардың 80 пайызы көмекке мұқтаж. Шиеленісті шұғыл түрде шешпесе, мыңдаған адам аштықтан көз жұмуы мүмкін. Жуырда еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен осындай мәлімдеме жасады. Айта кетейін, қазірдің өзінде балалар тойып тамақ ішпей, өлім құшуда. Сорақысы сол, азаматтар арам шөптің тамырын жеп, жан сақтауға мәжбүр. 

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия басшысы:

- Газа секторындағы ахуалға қатты алаңдап отырмыз. Аймақтағы жұрт ашаршылықтың алдында тұр. Сондықтан тез арада тараптар арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізу керек. Соның арқасында тұтқындарды босатып, аймаққа жіберілетін гуманитарлық көмек мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік туады. 

Қазір әлемнің бірқатар елі аймақ тұрғындарына қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысып бағуда. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жуырда Газаның солтүстігіндегі ауруханаларға медициналық көмек жеткізді. Жүк 150 науқасқа арналған травматологиялық және ортопедиялық жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ аймаққа 25 мың литрге жуық жанармай кіргізді. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ұйымы да Газа секторының солтүстік бөлігіне кейінгі 3 аптада алғаш рет гуманитарлық көмек жөнелтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 жүк көлігі Израиль жағынан кірген. Бұл туралы "Би-Би-Си" телеарнасы хабарлады.

Жалпы Гуманитарлық жүк жермен де, көкпен де тасымалданып жатыр. Бірақ парашюттен тасталған жәшіктер тұрғындардың үстіне түсіп, адамдар көз жұмып жатыр. Жарақат алғандар да жоқ емес.

Жалпы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы атыс-шабыс алдағы екі айдың ішінде тоқтауы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы Политико басылымы жазды. Онда Нетаньяху Израиль әскері бүгінге дейін Хамас содырлар тобының 75 пайызының көзін жойды депті. Айта кетейін, Газа денсаулық сақтау министрлігі келтірген мәлімет бойынша, тараптар арасындағы текетірестен осы уақытқа дейін 2 миллионнан астам адам босып кеткен. 30 мыңнан аса азамат мерт болған. Оның жартысына жуығы балалар.