ХАМАС Израильдің ұсынысын қабылдамады
ХАМАС Израильдің ұсынысын тағы қабылдамады.
Еврей елінің билігі қозғалыстан тұтқынға алынған 40 адамды босатуды сұраған. Ол үшін түрмеде отырған 700 палестиналықты жіберуге келіскен. Бірақ келісім ХАМАС өкілдерінің көңілінен шықпаған. Олар тұтқын алмасудан бөлек Израильден Газа Секторындағы операцияны тоқтатып, әскерін алып кетуін талап еткен. Осы айдың басында АҚШ, Египет пен Катар арағайындығымен тараптар келіссөздер жүргізген еді. Кездесуде Газада уақытша бітімге келу жайы талқыланған. Бірақ ол келіссөздер де нәтижесіз аяқталды.