Жүзім шаруашылығы жойылуы мүмкін

Жүзім өсірумен айналысатын шаруалар шаш етектен шығынға батқандарын айтады.

Оған жаһандық жылыну себеп. Өйткені жүзім климаттың өзгеруіне ең сезімтал өсімдіктің бірі. Кейінгі уақытта фермелер өнімді әдеттегіден ерте жинайтын болған. Бұл өнім сапасына әсер етеді. Оның үстіне климаттың өзгеруінен өсімдік аурулары мен зиянкестер көбейген. Қуаңшылықтан жүзім өсіретін алқаптардың ауданы да кішірейген. Егер келешекте орташа температура индустрияға дейінгі кезеңдегі көрсеткіштен 2 градустан асып кетсе, ғасыр соңына таман Испания, Италия, Грекия мен Калифорниядағы өңірлердің 90 пайызы жүзім өсіруге қолайсыз болып қалуы мүмкін.