АҚШ-та жұмыртқа өндірісі тоқтады
АҚШ-тың екі штатында құс тұмауы тіркелді. Осыған байланысты жұмыртқа өндірумен айналысатын елдегі ең ірі компания уақытша жұмысын тоқтатып, 2 миллион тауықтың көзін жойды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әу баста аталған инфекция Техас тұрғынынан анықталған. Ол сиыр өсірумен айналысатын шаруа қожалығында болған. Ірі қара мал арасында құс тұмауы тарағанын, Американың Денсаулық сақтау министрлігі де растады.