Зейнетақы қорындағы қаржы таусылуы мүмкін
2035 жылға таман Қытайдың зейнетақы қорындағы қаржы таусылуы мүмкін.
Мемлекеттік ғылым академиясының мамандары осылай деп алаңдап отыр. Өйткені елде қарттар көбейіп барады.
Қазір тұрғындардың төрттен бірі – 65-ті алқымдаған азаматтар. Сол себепті зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесі көтеріліп жатыр.
Көрші елдегі демографиялық жағдай, тек зейнетақы жүйесіне ғана емес, денсаулық сақтау саласына да салмақ салады. Оның үстіне жұмыс күшінің тапшылығы туындап, бұл экономикалық өсімді баяулатуы мүмкін.