Зілзаладан кейін табылмай кеткендер көп
Тайваньда зілзаладан кейін жүздеген адам әлі табылған жоқ.
Оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жолдар бүлінгендіктен, кей өңірге қатынау мүмкін болмай тұр.
3 сәуірде елде бірнеше рет жер сілкінген. Ең қуатты зілзаланың магнитудасы 7,3-ке жетті.
Соңғы мәлімет бойынша, 10 адам опат болып, мыңға жуығы жараланған. Аралдың шығысында лай көшкіні жүріп, жолдар бүлінген. Ондаған үйге зақым келді. Бұл Тайваньда кейінгі 25 жылда тіркелген ең қуатты зілзала.