Орск қаласындағы бөгеттің жарылуына қатысты іс қозғалды

Ресейдің Тергеу комитеті Орск қаласындағы су бөгетінің жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды 24KZ.

Тергеушілер қауіпсіздік талаптарын сақтамау және салғырттық баптары бойынша тексеріс жүргізеді. Егер қылмыс дәлелденсе, аталған нысанды сақтандырған компания зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлейді. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, шаһардағы бөгеттердің бұзылуынан келген қаржылай шығын 5 миллиард рубльден асуы мүмкін.

Орск қаласындағы бөгет кеше жарылды. Салдарынан жүздеген үйді су басып, мыңдаған азамат қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқарушылар әлі де халықты эвакуациялап жатыр.