Шығыс Африканы жыл сайын су басады
Шығыс Африка жұрты да кейінгі екі апта бойы су тасқынымен күресіп жатыр.
Табиғи апат салдарынан Танзанияда 58, Кенияда 13 адам опат болды. Баспанасын су басқан мыңдаған тұрғын, қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындар мұндай су тасқыны жыл сайын қайталанатын айтады. Кейбірі қираған үйін бесінші, алтыншы мәрте қайта тұрғызған. Жергілікті метеорологтар алдағы бірнеше аптада нөсер жауын тоқтамайтынын мәлімдеп, тұрғындарға дереу көшуді ескертті.