Қытайдың Оңтүстік аймағын кейінгі 50 жылда болмаған ең алапат тасқын әбігерге салды
Табиғат апатына толассыз жауған нөсер жауын себеп.
Соңғы мәлімет бойынша, 4 адам опат болған. Тағы 10 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір біраз мектеп жабық тұр. Миллионнан аса үй жарықсыз қалды. Ал мамандар алдағы күндері жаңбыр тоқтамайтынын ескертеді. Қауіпті аймақта 127 миллион адам тұрып жатыр. Осы сағатқа дейін 83 мың тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілген.