Панама құрғақшылық зардабын тартып отыр
Панама халқын құрғақшылық қысты.
Эль-Ниньо құбылысының салдарынан жауын-шашын аз түсіп, канал суының деңгейі төмендеген. Соның кесірінен тұрғындар ауыз суға жарымай отыр. Кеме қатынасы болса тоқтап тұр. Елді әбігерге салған Эль-Ниньо биыл аяқтала ма?
Былтыр Панама халқы ел тарихындағы ең құрғақ жылды бастан кешті. Өйткені жауын-шашын әдеттегіден аз түсіп, бұл климаттың өзгеруіне әкеп соққан. Түптеп келгенде, мұның барлығына Эль-Ниньо құбылысы себеп дейді сарапшылар. Бұл құбылыс әр 6-7 жыл сайын жер шарындағы қалыпты ауа-райын бұзып, Тынық мұхитын табиғи жылынуға итермелейтін көрінеді.
Стивен Патон, Смитсон тропикалық зерттеулер институтының физикалық бақылау бағдарламасы директоры:
"Өткен жылы бізде жауын-шашын мөлшері бар болғаны 76%-ды құрады. Бұл көрсеткіш тым аз, сол себепті 2023 жыл соңғы 143 жылдағы ең құрғақ жыл ретінде тіркелді. Бұған дейінгі қуаңшылыққа да Эль-Ниньо құбылысы әсер еткен. "
Жауын-шашынның жылдағыдан аз түсуі Панама каналындағы су мөлшеріне қатты әсер етті. Бұл өз кезегінде жаһандық саудаға кедергі келтіріп, кеме қатынасын шектеуге әкеп соқтырды. Соның салдарынан жүк кемелері кезегін 20 тәулік күтуге мәжбүр. Кейбірі айналма жол іздеп, бағытын басқа арнаға бұрған.
Клэр Барнс, Грантам институтының зерттеушісі:
"Жауын-шашынның аз түсуі Эль-Ниньо құбылысының әсерінен екеніне сенімдіміз. Біз зерттеген аймақтардағы ылғалдың күрт төмендеуі қуаңшылық осы табиғи құбылыстың салдарынан туындағанын көрсетіп отыр.
Австралия метереологиялық бюросы өткен жылдың ортасында басталған Эль-Ниньо құбылысы биыл аяқталды деп болжап отыр. Ал мамандар жауын-шашын қалыпты мөлшерде түссе каналмен кеме қатынасы да біртіндеп түзеледі деген сенімде.
Стивен Патон, Смитсон тропикалық зерттеулер институтының физикалық бақылау бағдарламасы директоры:
- Биыл аймақта жауын-шашын жылдағы орташа деңгейден сәл жоғары болады дегене болжам бар. Егер жаңбыр шынымен мол түссе жыл соңына қарай кеме қатынасы қалыпқа келіп, сауда жанданады деген ойдамыз."
Мамандар бюро үндеуін жақсылыққа жорып отыр. Дегенмен Панама халқының ауыз суға қол жеткізіп, канал суының қашан қалыпқа келері алдағы уақыттың еншісінде дейді.
Әсия Нұрлыбаева