Қырғызстандағы жағдайға байланысты тың дерек шықты
Қырғызстанда көлік басып жарақат алғандар саны 32 адамға жетті.
Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккен 1 мұғалім мен 3 оқушының жағдайы ауыр.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға кеше Созақ ауданының Жерге-Тал ауылында болған.
48 жастағы жүргізуші көлікті төбенің басына қойып кетіп қалған. Ал төменде жиналған балалар іс-шараға дайындық жасап жатқан. Осы кезде көлік аяқ астынан жүріп кетіп, балаларды таптап өтті. Жүргізуші көлікке қарай жүгіргенімен, жете алмаған. Ол балаларға балмұздақ таратуға тиіс болатын. Көлік жүргізушісі қамауға алынды.