Су қоймасының орнынан көне қала табылды
Филиппинде аптап ыстықтан су қоймасы құрғап, көне қаланың орны табылды.
Тұрғын үйлердің, XIX ғасырға тиесілі шіркеу мен түрлі қорымдардың белгілері көрінген. Енді аймаққа туристер ағыла бастады. Филиппинде ыстықтың беті қайтпай тұр. Аптапқа байланысты мектептер жабылды. Кейбір өңірлерде температура бағаны 50 градусқа жеткен.