Үндістанды құрғақшылық жайлауы мүмкін
Үндістанда аптап ыстықтың беті қайтар емес. Елдің шығыс бөлігінде сәуір ең ыстық ай болып тіркелді.
Температура 46 градусқа дейін жеткен. Содан 9 адам көз жұмды. Ал өңірдегі Батыс Бенгалия штатында су тапшы.
Сучитра Халдал, тұрғын:
- Бізде бірнеше құдық бар. Бірақ көбі жұмыс істемейді. Тоған құрғап барады. Таза су әкелу үшін біздің ауылдың әйелдері 2 шақырым қашықтықтағы жерге баруға мәжбүр. Бірақ ондағы жағдай да жетісіп тұрған жоқ. Ол жақта да су аз. Ал адам көп.
Ауа температурасы 48 градусқа дейін жетті
Үндістанмен көршілес Мьянмада да сәуірде температуралық рекорд орнады. Мұнда қазір де ыстық.
Кейбір ауданда температура 48 градусқа дейін жетеді. Мамандар мұндай жағдай мамырдың соңына дейін жалғасатынын ескертеді. Жұрт кондиционерлерді көп қолданып, бұл энергетика саласына салмақ салды. Салдарынан электр энергиясын өшіру оқиғалары жиілеп кеткен.