Тегеранда президентпен қоштасу рәсімі өтті

Иран астанасы Тегеранда президент Ибрахим Раисимен қоштасу рәсімі өтті.

Мұндай рәсім кеше Тебриз, Құм және Бирджанд шаһарларында өтті. Ал ертең Иран басшысы туған жері, Мешхед қаласында жерленеді.

Еске сала кетейік, 3 күн бұрын Раиси Әзербайжанға ресми сапары кезінде тікұшақ апатынан көз жұмды. Онымен бірге Иран Сыртқы істер министрі, Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы және Тебриздің аятолласы да оқиға орнында жан тапсырды. Белгілі ақпар бойынша Иранның жаңа басшысы маусымның 28-і сайланады.