АҚШ-та Мичиган тұрғынынан құс тұмауы анықталды

АҚШ-та құс тұмауының адамға жұғу дерегі тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.

Мұндай жағдай ел тарихында осымен үшінші рет болып отыр. Қауіпті вирус Мичиган тұрғынынан анықталды. Ол құс тұмауын шаруа қожалығындағы сиырлардан жұқтырған болып шықты. Осыдан кейін әлгі азамат көз қызарып, дәрігер барған. Америкада құс тұмауының адамға жұғудың алғашқы дерегі осыдан 2 жыл бұрын Колорадо штатында тіркелген еді. Екінші науқас Техас тұрғыны болды.