Непалдық альпинист рекорд жаңартты
Непал тұрғыны Пхунджо Джхангму Лама Эверестегі ең жылдам альпинист атағын қайтарып алды.
Ол 8849 метр биіктікті 14 сағат 31 минутта бағындырып, ғалам бойынша рекорд жаңартты. Бұл туралы the Himalayan Times басылымында жарияланды.
Альпинист 22 мамырда түстен кейін тауға көтеріліп, ертесі таңертең өрмелеуді аяқтаған. Пхунджо бұған дейін де рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 2018 жылы Эверест шыңын 39 сағат 6 минутта бағындырған. Ол Непалдың Швейцария Альпісі мен Гималай тауларында өрмелеу жаттығуларынан өтіп тұрады. Қайырымдылық шараларымен де айналысады.