Израиль «Хезболламен» бітімге келуден бас тартты
Израиль билігі ливандық «Хезболла» ұйымымен 21 күнге бітімге келу туралы келісімнен бас тартты, деп хабарлайды 24kz.
Оны батыс елдері ұсынған. Бірақ еврей елінің премьер-министрі әскерге белгіленген жоспар бойынша әрекет ету тапсырмасын берді. Сонымен қоса, Газа Секторында да әскери іс-қимылдар жалғасатынын жеткізді. Тараптардың бір-бірін атқылауы жалғасып жатыр. Израиль әскері Ливанның Сириямен шекаралас аймақтарын әуеден тағы соққылады. Ел астанасы Бейрут те шабуылға ұшырады. Ал ливандық «Хезболла» Хайфа қаласының маңындағы еврей елінің әскери нысандарын атқылағанын айтады.