АҚШ-та дауыс беру жалғасып жатыр

Біздің елде референдум бойынша дауыс беру аяқталғанмен, АҚШ-та әлі жалғасып жатыр.

Өйткені мұндағы әр өңірде уақыт айырмашылығы бар. Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларындағы дауыс беру учаскерелері өз жұмыстарын тоқтатты. Ал Сан-Францискодағы консулдықта дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Себебі Калифорния штаты Астанадан 12 сағат артта тұр. Жалпы АҚШ-тың 3 қаласындағы учаскелерде отандастарымыз таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыстарын беріп жатты.

Камал Әубәкіров, Джорджтаун университетінің студенті:

- Біріншіден, референдум өте маңызды сәт. Қазақстандықтарға өз пікірін,

өз ұстанымын білдіруге керемет мүмкіндік. Біздің қазақ елімізде 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына жоспарымыз бар. Бізге жаңа жасыл энергетика әртүрлі опциялар керек.

Талғат Алманов, тілші:

- Жалпы елішіліктің айтуы бойынша бүгін ұзын саны 400- ге жуық адам дауыс береді деген болжам болды. Cолардың 200-і – Вашингтон қаласындағы 381 дауыс беру учаскесіне тіркелген қазақстандықтар. Оларың дені – осында тұрып жатқан жерлестеріміз, жұмыс бабымен келген азаматтар, білім қуып жүрген студенттер мен елшілік қызметкерлері. Елшілік демекші, біз бірнеше минут бұрын дипломаттарымызға хабарласып едік, бірақ нақты қанша адамның дауыс

бергені, оның қаншасы АЭС-тың салынуын қолдағаны немесе қолдамағаны туралы ақпарат ала алмадық. Себебі елшілік өкілдерінің айтуынша дауыстар әлі де саналып жатыр екен. Естеріңізге салайық Сан-Францискодағы дауыс беру учаскесі шамамен 1 сағаттан соң жабылады.