Канадада пошта қызметкерлері жаппай жұмысқа шықпай қойды

Канадада поштаның 55 мың қызметкері ереуілге шықты, деп хабарлайды 24kz.

Олар бір жыл бойы жалақысын көтеруді талап етіп келген. Бірақ келіссөздер еш нәтиже бермеген соң наразылық акциясын ұйымдастырды. Қатысушылар 3 күн бойы жұмысқа шықпаймыз деп отыр. Тиісінше пошта бөлімшелері де қызмет етпейді. Ал қазір Рождествоға қызу дайындық жүріп жатыр. Сондықтан ереуіл кесірінен тауарлардың жеткізілуіне қатысты қиындық туындауы мүмкін.

Рейган Джонстон, пошта қызметкері:

- Біздің жалақыға Торонтода өмір сүру өте қиын. Пәтерақысы қымбат. Күннен күнге азық-түлік бағасы шарықтап барады. Ал еңбекақымыз сол күйінде тұр. Сондықтан бізге өзгеріс керек. Біздің арқамызда мыңдаған канадалық күн сайын өз тауарларын уақытында алып жүр.