Португалия билігі жастар шетел аспауы үшін маңызды қадамға барды
Португалияда жас мамандардың жаппай шетел асуы жиіледі.
Олар Еуроодақтың жоғары жалақы төлейтін өзге елдеріне кетіп жатыр. Өйткені одақ ішінде емін-еркін көшіп-қонып жүруге болады. Бірақ бұл Португалия экономикасының дамуын тежеп отыр. Сондықтан жергілікті билік жас мамандарды табыс салығынан босату бағдарламасын әзірлеп жатыр. Құжат келер жылы күшіне енеді. 400 мың қызметкер жеңілдікке ілігуі мүмкін. Баспанамен де көмек көрсетіледі. Бұл тек Португалия үшін ғана өзекті мәселе емес. Венгрияда да кетіп жатқан жас маман көп. Мұнда жұмысшылар орта есеппен сағатына 12 еуро табады. Ал көрші Австрияда оларға 41 еуро төленеді. Италияда да мамандарды салықтан босату бағадарламасы болған. Бірақ оған қаржы көп бөлініп, билік оны биыл алып тастады.
Педро Монтеиро, студент:
"Елімізге жас мамандар керек. Билік сөззінде тұрса, осында қалуға дайынбыз. Мұның алдындағы үкімет жас мамандарға жағдай жасаймыз деген уәдесін орындай алмады. Достарымның арасында Португалиядан кетіп жатқандар өте көп. Өйткені біз жалақы жағынан Еуроодақтың өзге елдерінен әлдеқайда артта қалып отырмыз."