Еуроодақ Израильмен саяси қатынасты тоқтатуды талқылайды

Бүгін Еуроодақ Израильмен саяси диалогты тоқтата тұру мүмкіндігін талқылайды. Кеңес отырысына ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлері қатысады. Олар жиында Израильге шара қолдану туралы шешім шығарады. Саяси қатынасты өзгертуге қатысты кез келген ұйғарым еуропалық дипломаттар тарапынан бірауыздан мақұлданады.

Бұған дейін Еуроодақтың бас дипломаты Жозеп Боррель ведомство басшыларына тиісті хат жолдап, Газа секторындағы қақтығыс кезінде адам құқықтары мен халықаралық құқық өрескел бұзылғанын атап өтті.