Rolls-Royce ядролық микрореакторлар жасап шығарады
Люкс санаттағы көліктер шығаратын британдық Rolls-Royce компаниясы ғарышты игеру мақсатында ядролық микрореактор жасауға ниетті, деп хабарлайды 24kz.
Қазір технологияны коммерциялық мақсатта қолдану бойынша келіссөз жүріп жатыр. Өлшемі кішкентай болғандықтан, басқа модульдерге қарағанда мұндай реакторларды пайдалану әлдеқайда ыңғайлы. Оның үстіне экономикалық жағынан да тиімді. 1960 жылдары америкалықтар тәжірибе ретінде ғарышты игеруде ядролық энергетиканы қолданбақ болған. Бірақ реактор орбитаға ұшырылған 43 күннен кейін жұмысын тоқтатқан. Ал Rolls-Royce-тың микрореакторлары 10 жылға дейін қызмет етеді.