Израиль Бейрутты бомбалап, 4 адам қаза тапты
Израиль әскері Бейруттың орталығын атқылап, Ливанға осылай тойтарыс берді, деп хабарлайды 24kz.
Салдарынан 4 адам қаза тауып, 18 кісі зардап шекті. Соққыдан Зукак-әл-Блат ауданындағы БҰҰ мен Ливан әкімшілігінің штаб пәтеріне зақым келген. Израиль қазір Ливанның оңтүстігінде құрлықтағы әскери операциясын жалғастырып жатыр. Кейінгі аптада Бейрутты бомбалауын күшейтті.