Израиль әскері Бейрут орталығына әуеден соққы жасады

Израиль әскері Ливанға қарсы шабуылын тоқтатар емес. Бүгін еврей армиясы Бейрут орталығын нысанаға алып, Шия ауданындағы 4 қабатты ғимаратты дронның көмегімен жермен-жексен еткен. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Тағы бір әуе соққысы Ливан үкіметінің штаб-пәтері орналасқан ауданға жасалған. Соның салдарынан 5 адам көз жұмды. 31 азамат жарақат алды. Тағы екеуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Жалпы Израиль кейінгі бір апта бойы Ливан астанасын шабуылдап келеді. «Хезболла» да бұған жауап ретінде соққыларын үдете түскен. Бүгін аталған қозғалыс Израильдің орталық және солтүстік бөлігіне ондаған зымыран ұшырды. Одан бірнеше адам жарақат алды.