Газа секторында гуманитарлық көмек тиеген жүк көліктері тоналды

Газа секторында бір топ мародер гуманитарлық көмек тиеген жүк көліктерін тонап кеткен. Бұл туралы палестиналық босқындар ісі жөніндегі БҰҰ агенттігі хабарлады. Олардың айтуынша, 109 көліктің 98-іне шабуыл жасалып, бірнеше жүргізуші ауыр жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, бетперде таққан адамдар алдымен фураларға граната лақтырып, кейін көлік тізгіндеген азаматтарды гуманитарлық жүкті түсіруге мәжбүрлеген.

Айта кетейік, азық-түлік артқан колонна жоспар бойынша «Керем-Шалом» кеден бекеті арқылы Газаға өтіп, халыққа көмек көрсетуі тиіс еді. Алайда 109 көліктің 11-і ғана діттеген жеріне аман-есен жеткен.