АҚШ-та алапат дауылдан екі адам қаза тапты
АҚШ-тың солтүстік-батысында дауыл соғып 2 адам опат болды.
Тағы 2 кісі зардап шеккен. Электр желісіне қатты зақым келіп, 600 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Табиғи апаттан әсіресе Вашингтон, Калифорния және Орегон штатына зиян келді. Рейтер агенттігі осылай деп хабарлады. Олардың мәліметіне сәйкес, дауылдың екпіні сағатына 110 шақырымға жеткен. Аймақта көлік қозғалысы тоқтады. Мектептер уақытша жабылды. Метереологтар қолайсыз күн райы апта соңына дейін жалғасуы мүмкін дейді. Табиғат апатынан соң қар жауып, тасқын жүреді деген болжам бар. Мұның салдары Тынық мұхиты маңында қоныстанған 7 млн тұрғынға әсер етеді, дейді мамандар.