Трамп президенттігінің алғашқы күні заңсыз көші-қонмен күресті күшейтеді

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскен алғашқы күні бірден заңсыз көші-қон мәселесін қолға алады, деп хабарлайды 24kz.

Саясаткер 20 қаңтарға белгіленген ұлықтау рәсімінен кейін осыған қатысты кемі 5 құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы жергілікті NBC News телеарнасы хабарлайды.

Бұған дейін Трамп мырза заңсыз мигранттармен күресу үшін төтенше жағдай жариялауға дайын екенін айтқан.

«Билік басында демократтар болған кезде ахуал қатты ушығып кетті», - дейді ол.