Еуропа елдерінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шерулер өтті

Франция мен Италияда мыңдаған адам әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерге наразылық білдіріп, шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.

Олардың айтуына қарағанда, қыз-келіншектерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері көбіне үнсіз қалады. «Ұят болады» деген желеумен ашық айтылмайды. Шеруге Париж, Марсель және Лилль сияқты тағы 10 қаладан, 400-ден астам ұйым қатысты. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық әрекеті тыйылмай тұр. Бұл адам құқықтарын бұзумен пара-пар. Әлемде әр үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ал, былтыр 51мың 100 әйел көз жұмған.