Вануату аралдарында 7,3 баллдық жер сілкінісі болды

Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Вануатуда 7,3 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

АҚШ-тың Геологиялық қызметі осылай деп хабарлады. Зілзала ошағы аралдың батысындағы Порт-Вилладан 57 шақырым қашықтықта болған. Бұл аймақта 330 мың адам қоныстанған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бірақ табиғат апатынан кейін өңірдің кей жерлерінде жарық өшіп, байланыс қызметі шектелді.