Үндістанда ауруханадағы өрттен жеті адам қайтыс болды

Үндістанның Тамилнад штатында ортопедиялық аурухананың бірінен өрт шығып, 7 адам қайтыс болды.

Құрбандардың біреуі бала, екеуі әйел адам. Олардың мүрдесі ғимарат ішіндегі лифтіден табылған. Тағы 20-дан астам емделуші зардап шекті. Құтқарушылар науқастарды дереу жақын маңдағы емдеу орнына жеткізді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Олардың айтуынша, мамандар тұтанған жалынды сөндіру үшін бір сағат алысқан. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған. Іле-шала жалын бүкіл ғимаратқа жайылып, нысан күлге оранды. Тергеу жүріп жатыр.