Америкалық ғарышкерлер 8 күннің орнына ғарышта 9 ай болады

Ғарышға 8 күнге ұшырылған астронавтар енді жерге 9 айдан кейін оралады.

НАСА өкілдері осындай шешім қабылдаған. Боинг компаниясының алғашқы ғарыш кемесі маусымның басында ұшырылған еді. Оның бортында екі америкалық бар. Астронавтар орбитада 8 күн болу керек еді. Бірақ ғарыш кемесіндегі техникалық ақауларға байланысты олардың оралуы осымен бірнеше рет кейінге қалып отыр. Жоспар бойынша ақпанда Спейс Икс компаниясы ғарышқа өз аппаратын ұшырып, ондағы австронавтар әріптестерін алмастыруы тиіс еді. Алайда дайындыққа қосымша уақыт керек боп тұр. Сол себепті екі астронавт тек наурызда Жерге оралады. Сөйтіп, олардың ғарыштағы миссиясы 9 айға дейін созылайын деп тұр. 

Эрика Хэмден, Аризона университеті ғарыш институтының директоры:

- Ғарышқа адам ұшыру оңай шаруа емес. НАСА бұл бағытта көп жұмыс істеп жатыр. Астронавтарды ғарышта қосымша уақытқа қалдыру ең алдымен олардың қауіпсіздігі үшін қажет. Келешекте мұндай оқиғаларды болдырмау үшін Боинг компаниясы ғарышкерлерсіз миссияларын ұшыруы мүмкін. Мұның бәріне көп уақыт керек.