Әлем елдеріндегі уақыт белдеуінің экономикаға әсері қандай?
Бірыңғай уақыт белдеуі мәселесі әлемдік география мен экономикадағы маңызды факторлардың бірі. Біздің еліміз де әлемдік тәжірибеге сүйенеді.
Бұл ретте Үндістан, Оңтүстік Корея мен Франциядағы бірыңғай уақыт белдеуін үлгі ретінде қарастыруға болады.
Үндістан жер көлемі жағынан ауқымды болғанына қарамастан, бір уақытпен жүреді. Бұл елде бірыңғай уақыт белдеуі 1947 жылы, тәуелсіздік алғалы бері қолданылады. Ал оған дейін өңіріне байланысты әртүрлі уақытпен жүрген. Бір уақытты енгізу туралы шешім бүкіл ел бойынша үйлестіруді жеңілдету үшін қабылданған. Бұл сарапшылардың пікіріне қарағанда елдің IT көшбасшы ретіндегі табысының артуына әсер ететін маңызды фактоға айналғанын айтады.
Оңтүстік Корея әлемдегі жетекші технологиялық державалардың бірі ретінде бірыңғай уақыт белдеуін қолданады. Бұл шешім 1961 жылы елде ресми түрде Оңтүстік Корея Ұлттық үйлестіруді жақсарту, экономиканы модернизациялау және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатымен қабылданды. Үндістанмен салыстырғанда халық санының аздығына қарамастан, бірыңғай уақыт белдеуі тұрғындар үшін де тиімді. Оңтүстік Кореядағы бір уақыт белдеуіне көшуі технологиялық компаниялардың бірдей жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Бұл жаңа өнімдерді шығаруды едәуір жеделдетіп, Оңтсүтік Кореяны экономикалық әл ауқаты жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы озық ел ретінде көрсетті.
Франция географиялық аумағы жөнінен 12 уақыт белдеуіне ие. Өйткені бұл елде Гринвич меридиан сызығынан алғанда 12 уақыт белдеуі бар. Бірақ француздар табиғи уақытпен жүруге құлықты емес. Себебі уақыт айырмашылығы Еуропа елдерімен экономикалық байланысқа кедергі келтіреді. Сондықтан сағат тілін Еуроодақтағы серіктестерімен сәйкес етіп, Гринвичтен бір сағат бұрынғы уақытты қолданысқа енгізген. Франциядағы бірыңғай уақыт белдеуіне көшу көлік жүйесінің және ең алдымен теміржолдың жұмысын оңтайландыруға ықпал етті.
Авторы: Фариза Жанғанаева