Сантьягода ыстыққа байланысты ескерту жарияланды
Чили астанасы Сантьягода ыстыққа байланысты ескерту жарияланды. Мұнда температура күрт көтереліп, қазір 30 градустан төмен түспей тұр.
Синоптиктер мұндай ауа райы келесі аптаға дейін жалғасатынын ескертеді. Қазір Латын Америкасындағы бұл елде жаз маусымы. Тұрғындар су бұрқақтарының жанынан сая табуда. Мамандар қарт кісілер мен созылмалы аурулары бар адамдарды мейлінше тысқа шықпауға шақырады. Сондай-ақ күннің ыстығынан орман өртінің қаупі артқанын ескертеді.
Андрес Монкад, метеоролог:
- 2016-жылы желтоқсан үшін ең жоғары температура - 37,3 градус тіркелді. Кейінгі жылдары мұндай рекордтық температуралар жиілеп кетті. Өкінішке қарай, ғасыр соңына дейін осылай жалғаса беруі мүмкін. Мұның бәрі климаттың өзгеруінің салдары. Қазір күннің ыстығынан бөлек ылғалдылық төмен. Әрі таулы аймақтарда жел соғып тұр. Мұның бәрі орман өртінің қаупін арттырады.