Израиль шабуылынан кейінгі тәулікте Газа секторында 50 адам қаза тапты
Израиль әскерінің Газа секторына жасаған шабуылынан өткен тәулікте 50 адам қаза тапты.
Al Jazeera-ның хабарлауынша, көз жұмғандардың көбі анклавтың оңтүстігіндегі әл Маваси ауданында орналасқан босқындар лагеріндегі азаматтар. Соққыдан шатырлар өртенген. Бұдан бөлек, Газа секторының солтүстігіндегі мектептер мен ауруханалары атқыланды. Осылайша Израиль әскері ХАМАС қозғалысы мүшелерінің көзін құртпақ болыпты. Айта кетейін, аймақта қарулы қақтығыс басталғалы 45 мыңнан астам газалық қайтыс болды.